«Уайымнан мазам қашты»: Гүлзира Айдарбекова денсаулығына қатысты күтпеген жайтты айтты

2 508

Фото: Видеодан скринТанымал продюсер Гүлзира Айдарбекова денсаулығына байланысты қиын жағдайға тап болғанын айтып, оқырмандарымен бөліскен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Продюсер бұл туралы желідегі парақшасында айтқан.

«Айтпақшы, Қырғызстанға барып, өтімді қалдырып, тасын алдық дегенге мәз болып жүрсем, өт мүлде жұмыс істемей тұр дейді. Қырғызстанға бармай-ақ, Қазақстанда өтті түгел алдыра салыңыздаршы. Далбаса екен. Қайта ота жасауға тура келеді», – деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол ағасының сырқаттанып жатқанын уайымдап, бұл жағдайдың өзіне ауыр тиіп жүргенін жеткізген.

«Ағамның беті кішкене бері қарады. Өзімнің де уайымнан мазам қашып еді. Аллаға шүкіршілігімді айтып, шаруаларыммен Шымқалаға шықтым. Алла баршаңызға, бауырларыңызға, отбасыларыңызға амандық берсін!» – деді продюсер.

Желі қолданушылары продюсерге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік танытты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.