Әбдіжаппар Әлқожаға достары көлік сыйлады

2 532

Фото: видеодан кадрТанымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа туған күнін дүркіретіп өткізді. Әншінің туған күніне достары қымбат әрі ерекше сыйлық тарту етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әбдіжаппар аң аулағанды ұнататын сыңайлы. Соған орай достары оған аңға шығатын көлік тарту еткен. Бұл туралы әншінің әпкесі Роза Әлқожа өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Көлікті сатып алу үшін достары бар жоғы 3 күннің ішінде 25 миллион теңге жинаған. 


"Туған күніңмен, жаным!
Сен бар адамға қажылыққа жолдама, көлік, телефон сияқты үлкен заттар сыйлайсың туған күнінде.
Саған не сыйларымызды білмей сасқалақтап жүрсек, достарың ұйымдасып аяқ астынан туған күнге шақырды. Одан бәрі жиналып, аңға мінетін көлік сыйлап жатыр. Не деген адалдық?! Кісі қызығарлықтай, адам сүйсінерліктей. Ұзағынан болсын!
Жасың құтты жас болсын! Мақтанатын, марқаятын сәтіңде осы достарың бірге бөлісе берсін, алыстамасын! Ғаламның бар ғажабын тілеймін!" - деп жазған әншінің әпкесі.