"Қырықтан асып қыр шығардың-ау" Шомылу киімімен суретке түскен Мадина Сәдуақасова елден сөз естіді

2 092
Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатқан отандық әнші Мадина Сәдуақасова желіге жаңа суреттер жариялап, елдің қызу талқысына қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мадина Сәдуақасова ыстық мекендегі фотоларын Instagram парақшасында бөліскен. Онда әртістің шомылу киімімен бассейн маңында тұрғанын көруге болады. Сөзінше, суреттер таңғы ас кезінде түсірілген.

"Қыздар , мынандай таңғы ас арман ғой. Күштісін- ай", - деп жазды әнші. Алайда өнер иесінің мұндай образы желі қолданушыларына ұнамай қалған көрінеді. Оқырмандар оның әрекетін аса ерсі санап, оны қатаң сынға алған. "Ұят екен. Күйеуі, қайын-жұрты, өз жұрты көреді ғой", "Бірінші сурет ұнамады", "Ұяттау екен. Демала беріңіз, бірақ мынадай фото салмаңызшы", "Қырықтан асып қыр шығардың-ау", "Сізге тіпті жараспайды", "Қаншама ақын, жасы үлкен әнші ағалар бар. Мына суретті көріп не деді екен? Шаруам жоқ,әрине. Бірақ сізді қазақтың Мадинасы деп таниды емес пе?", "Бірінші фото тым ерсі екен", - деп жазуда көпшілік.