Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі қажылық сапарда бірге жүр

910
Отандық әншілер Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі Мекке қаласына қажылыққа бірге аттанды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қос әртістің Меккеге ұшып кеткендері жайлы Instagram желісінен белгілі болды. Қайрат пен Төреғали өз парақшаларында суреттерін бөлісіп, қалың көпшілікке қажылықта жүргенін аңғартты.

Сонымен қатар Төреғали Төреәлімен бірге бұл сапарға әкесі де барған. Желі қолданушылары қасиетті мекенде жүрген жұлдыздарға жылы лебізін білдіріп, оларға ақ тілегін жолдаған.

 
"Ниеттерің қабыл болсын", "Қандай керемет, әкеңізге Меккені көрсеткен", "Рамазан айында Мекке мен Мединада болу бақыт қой", "Барлық тілектеріңіз бен дұғаларыңыз қабыл болсын", "Мұндай сапар бізге де бұйырсын", "Әр қазақ баласы қажылыққа барып көрсінші", "Алла жолымен жүрген адаспас. Жарайсыздар, жігіттер", - деп жазуда олар.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.