"Күйеуімнің өтінішін әдетке айналдырдым": Ләйлә Сұлтанқызы отбасындағы қағиданы жария етті
2 506
Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің бірауыз сөзін әдетке айналдырғанын айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
“Бақыт сыйлайтын бір түйір ет. Кішірек кезімізде үйде асылған еттің иісі шықса, мереке деп қуанатынбыз. Айына бір рет болсын мәнті түйіп, палау жасап, қазанға ет салуға тырысатын Дишинкам (ред: анасы). Ондайда бала көңіл "қонақ келеді" деп, соны мереке көретін едік. Ең бақытты күйімнің бірі ретінде сол көріністі түпсанам сақтап қалған болуы керек…”, – дейді журналист.
Айтуынша, тұрмысқа шыққаннан кейін де асүйдің тізгінін өзі алып, түрлі тамақты жасаған.
“Кейін тұрмысқа шығып, ас үйдегі тоңазытқыш пен ыдыс-аяқ өзіме тигенде Қайрекеңнің "бір жапырақ ет болсын асып қояйық" деген өтінішін әдетке айналдырдым. Әлі күнге дейін үйде ет асылып тұрады. "Қамырын салмасақ та, дастарқанда тұрған дұрыс. Балалар шетінен үзіп, сүйегін мүжиді, сіңірін созып жейді" дейтін. Суықтан тоңып кіргенде бойың жылып, жүрегің жібіп, отбасыңмен бас қосып, уақыт өткізуге бір себеп. Бала көргенін істейді ғой. Болашақта олардың да үйінде осы үрдіс жалғасса екен деймін. Келіндерім туысшыл, көпшіл болып, ет асып, қонақ шақырып, шаңырақты береке-бірлікке толтырса, оның несі жаман?!”, – деп жан сырын ақтарды Ләйлә Сұлтанқызы.
Тағы да оқыңыздар
Ердос Қанаев қызды болды
1 231