"Сонда иттің бақытты болуы үшін менің көлігімнің быт-шыты шығуы керек пе?" - Әбдіжаппар Әлқожа
Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында қызыл қанға боялған жолды көрсетті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алматыдан Шымкентке жол тартқан өнер иесі келеңсіз жағдайға тап болды. Өзінің қымбат көлігінің зақымданғандығын алға тартып, өлген иттің бақыты бар деп топшалады:
"Сынақ бердің, Алла! Аман еттің, Алла! Мал – жанның садағасы. Біз ит қағып кеттік. Достарым, бауырларым алаңдап, хабарласып жатыр. Бір досым: "Сен қаққан ит бақытты болып өлген шығар" дейді. Сонда иттің бақытты болуы үшін менің көлігімнің быт-шыты шығуы керек пе?”, –дейді әнші.
Өнер иесінің айтуынша, жолдағы оқыс жағдайлар бір емес, бірнеше рет қайталанған.
“Алғашында ниеттің өзі дұрыс болмады. Жолға ниеттеріңізді түзеп шығыңыздар. Ұзынағашта бір адам алдымыздан жүгіріп шығып, қағып кете жаздадық. Сөйтіп қырсық шалды. Алла бізді жақсы амалдарымыз үшін сақтап қалды-ау деп ойлаймын. Өлуші ит болсын", – деді Әбдіжаппар Әлқожа.