Актер Нұртас Адамбай заңды бұзды деген күдікке ілінді

2 545

brod.kzАстананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында шоумен Нұртас Адамбайға қатысты іс қаралып жатыр. Бұл туралы ақпарат Сот кабинетінде пайда болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


Нұртас Адамбайға ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Атап айтқанда діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзуға қатысты.


Мұндай бұзушылықтар үшін жеке тұлғалар үшін 50 АЕК (185 мың теңге), заңды тұлғалар үшін 200 АЕК (738 мың теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 


Істі тыңдау 1 тамызда WhatsApp мессенджері арқылы мобильді бейнеконференция арқылы өтеді деп жоспарланған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.