Заттыбек зәулім үйін 185 миллион теңгеге сатпақ

717

Заттыбек Көпбосынұлы Шымкенттегі зәулім үйін сатылымға шығарды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Әнші аумағы 550 шаршы метрды құрайтын үш қабатты зәулім үйін 185 миллион теңгеге бағалап отыр.Үйдің іргетасы екі кірпіштен қаланған, 12 бөлмеден тұрады. Негізгі бөлмелерден бөлек, үйде үлкен кинозал бар. 

  Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады. 
"Әркімнің өз таңдауы мен талғамы бар, өмір болған соң. Көзқарас, ұмтылыс, пікірлер өзгеріп отыратын тағы да бар. Менің үйім, менің шаңырағым, талай жақсылықтарымның, талай тарландар мен таланттарға төрінен орын берген, береке-бірліктің куәсі. Алланың маған берген ризығымен адал еңбегімнің жемісі. Алланың маған бергендеріне сансыз шүкірлер етемін. Менің де Алла ризалығы үшін істеген бір ісім болсын деп шарбағымның бір шетін ауылдастарым мен Алла жолын танып білгісі келгендер үшін намазхана етіп бердім…
Алла білуші ғой, ниетім Аллаға ғана аян. Енді осы үйге менен кейін ие болар иесі табылса деп саудаға қойдым. Саудада береке бар деген адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (ғ.с.) Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын. Өмір өзгерістерден тұрады емес пе, ағайын?" – деп жазды ол.