Бибігүл Төлегеноваға тағдырым ұқсас»: Ақбота Керімбекова жеке өмірі туралы айтты

2 501

Фото: ©Видеодан скринӘнші Ақбота Керімбекова «Өмір өрнегі» бағдарламасында жеке өмірі мен өнер жолына қатысты ойын бөлісті,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі некесі сәтсіз болғанмен, өткен өміріне еш өкінбейтінін жеткізді. Өнер жолында әлі талай жетістікке жетуді армандайтынын айтты.(Видео)

«Бір кем дүние деген бар ғой. Әрдайым шүкіршілік етемін. Алла тепе-теңдік болу үшін сынақ береді ойлаймын. Тәубесіне келсін деп. Біреуді баламен, біреуді күйеумен, ал біреуді әйелмен сынайды. Шүкір деймін, жеке өмірімде өкінішім жоқ.  Анам да «Өнеріңді тастама, сенің жеке өмірің ешкімге керек емес» деп үнемі айтып отырады. Кез келген ата-ана қызының сәтті тұрмысқа шыққанын қалайды, ұлының жақсы келін алғанын қалайды. Үш баламның жарығы шығар, ештеңеге өкінбеймін. Бибігүл Төлегенова апамыздың сұхбатын көріп, тағдырымыз ұқсас екенін байқадым», – дейді әнші.

Ақбота Керімбекованың сөзінше, өмірде кездескен қиындықтардың бәрі оны шыңдап, бүгінгі дәрежесіне жеткізген.