Әзіл әлемінен басқару саласына: танымал жайдарманшы жаңа қызметке кірісті

2 504

Фото:©instagram.com/mansar.million/Танымал актер, жайдарманшы Мансар Орынхан Түркістан облысы күрес федерациясының вице-президенті болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты әзілкештің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесі мұны өзі үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім деп атады. Көрсетілген қолдау үшін Түркістан облысы күрес федерациясына және Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдірді. 

 Айтуынша, келер уақытта күрес спортын кеңінен насихаттап, оның қоғамдағы беделі мен имиджін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізу көзделіп отыр. Сондай-ақ медиа саласын жаңа деңгейге көтеріп, ұлттық спорттың ақпараттық әлеуетін күшейту басты міндеттердің бірі болмақ.

“Басты мақсат - ұлттық спорттың беделін көтеріп, жас буынға мотивация беру. Алда үлкен жұмыстар бар. Бірге дамимыз!”- деп жазды ол.