Қайрат Нұртас танымал блогермен жанжалдасып қалды
Желіде әнші Қайрат Нұртастың “Zheka Fatbelly” деген лақапатпен танымал блогер Жеңіс Омарұлын итеріп жіберген видеосы тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әнші мен блогер арасындағы кикілжің кезекті түсірілім барсында болса керек.
Өнер иесімен сөйлесіп, келісімге келуге тырысып жатқан блогер “Қайреке, мен сізге жап-жақсы айтып жатырмын ғой” деп еді, Қайрат “Баршы дедім” деп Жеңісті итеріп жіберді. Екі ер азаматтың арасындағы дау ушығып кетпес үшін белгісіз ер адам блогерды сабырға шақырып, оларды ажыратып әлек.
Алайда Қайрат Нұртас пен Жеңіс Омаровтың арасындағы кикілжіңге не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Осы уақытқа дейін миллиондаған тыңдарман жинап, көпшіліктің көзайымына айналған хитменнің бұл әрекеті жұртқа жақпай қалды.
“Тәкәппар болмау керек”, “Қайрат халықтың арқасында жұлдыз болды”, “Адам менсінбейді”, “Қайрат мал ғой”, – деп жарыса пікір қалдырды желі қолданушылары бейнежазба астына.