Динара Қырықбаева пластикалық ота жасатты
Танымал әнші Динара Қырықбаева дене бітімін өзгертіп, ота жасады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі бір ай бұрын пластикалық отаның көмегіне жүгінгенін жасырмады.
Динара абдоминопластика мен липосакция жасатқанын ашық айтты. Ол дегеніміз – денедегі артық май мен ісікті хирургиялық жолмен кетіру әдісі. Үш бала тәрбиелеп отырған жұлдыз ұзақ уақыт бойы өзгерістер туралы ойлағанын және бұл қадамға баруға шешім қабылдағанына риза екенін жасыра алмады.







