«Отбасын бұзғандарды көрсетейік»: Жазира Байырбекова ұсыныс айтты
Әнші Жазира Байырбекова отбасылы ер адамдармен қарым-қатынас жасайтын әйелдерді әшкерелейтін арнайы Instagram парақшасын ашуды ұсынды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында көпбалалы отбасылардың ажырасуына себеп болатын жағдайларға алаңдайтынын айтып, мұндай әрекеттерді қоғам алдында талқылау керек деген пікір білдірді.
«4 баласы бар еркекті жолдан тайдырып, отбасын бұзып жатқан әйелдің жүзін халыққа көрсетсек қалай болады?» – деп жазды Жазира Байырбекова.
Әншінің бұл ұсынысы журналист Назира Байырбекованың неке адалдығы туралы жазбасынан кейін айтылды. Назира Байырбекова өз жазбасында опасыздықты кешіруге әйел адам міндетті емес екенін айтып, отбасының негізі адалдық болуы керек деген пікірін білдірген.
Журналист жеке өміріне қатысты жазбасында күйеуінің Қатон-Қарағайда көңілдестерімен жүргенін күтпегенін айтып, отбасын сақтауға көп күш салғанын жеткізді. Ол неке адалдығын отбасының басты құндылықтарының бірі ретінде атап өтті.
«Опасыздыққа шыдау арқылы отбасын сақтауға ешкім міндетті емес!» – деп жазды Назира Байырбекова.
Осыдан кейін Жазира Байырбекова отбасылардың шаңырағының шайқалуына себеп болатын жағдайларды жариялайтын арнайы парақша ашу идеясын ортаға салды. Оның бұл ұсынысы әлеуметтік желі қолданушылары арасында пікірталас тудырды.
Қаз
Рус






