Әден Марғұлан екіншірет әке атанды

2 506

Фото: Instagram.com/aden_margulan/Танымал қазақстандық блогер Әден Марғұлан ұлды болды. - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Блогер сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Ол жазбасында ұлына қандай есім қойғанын да жария етті.

“Аллаға шүкір, тағы ұлды болдым! Қош келдің, Руслан Зейін Марғұланұлы!” – деп жазды ол.

Оның айтуынша, келіншегінің жағдайы жақсы.

“Аллаға шүкір, келіншегім аман-есен жеңіл босанды. Алладан бәрін әрбір бөлшегіне дейін сұрау керек екеніне тағы көзіміз жетті”, – деп жазды ол.

Әден Марғұланды оның оқырмандары мен әріптестері жарыса құттықтап жатыр. Ақ тілегін білдіргендердің арасында әнші Ерке Есмахан, Сабиркин, Жансерік Қадырбаев және өзгелері бар.

“Бауы берік болсын. Тіл-көзден аман жүріңдер”, “Аман болсын Марғұланның ұлдары”, “Мықты азамат болсын”, “Құтты болсын, бауырым”, – деп жазған олар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.