Назым Қызайбай өзіне Димаш Құдайберген хат жазып жүргенін айтты
Бокстан Париж Олимпиадасының қола медаль иегері Назым Қызайбай өзіне Instagram арқылы танымал әнші Димаш Құдайберген хат жазып тұратынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Боксшы бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжанның «Late night show with Dinara Satzhan» бағдарламасында айтып берді.
Бағдарлама барысында Динара Сәтжан фотошоп арқылы Назым Қызайбайдың Димаш Құдайбергенмен бірге тұрған фотосын көрсетеді.
Динара Сәтжан осы орайда екеуінің құрдас екенін, алайда Назымның бір жасқа үлкен болғаны қорқынышты емес екенін айтты.
Сөзін жалғай отырып, жарыстарда жеңіске жеткенде Димаш Құдайбергеннен хат келіп тұратынын айтты.