Димаш Құдайбергенді Нью-Йоркте жанкүйері жылы қарсы алды
Қазақстанның халық әртісі әрі әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркке жеке концертіне ұшып барды. Жанкүйері оны әуежайда жылы қарсы алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
5 қазанда Димаш Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында Stranger атты жеке концертін береді. Тыңдарманы әртісті Нью-Йорк қаласындағы Кеннеди халықаралық әуежайынан жылы қарсы алды.
Кездесу кезінде түсірілген видео Димаштың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Сүйікті әншіні гүл шоқтарымен, сыйлықтармен, плакаттармен қарсы алуға келген жанкүйер оның қолтаңбасын алып, қуанып қалды. Димашты әуежайдан қарсы алуға оның ең кішкентай жанкүйері де келген.







