Есентаеваның жуырда босанған, ерке қызы ішімдік ішкені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

574
Баян Алагөзоваға немере сүйдірген Айсәуле Бақытбек ішімдік ішіп рөлге отырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды. Бұл туралы блогер өзі әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Осылайша құдай мені үлкен проблемалардан аман алып қалды деп ойлаймын, өйткені ештеңе де бекер емес. Мен қателестім, оның жазасын толықтай өтедім. Бастысы, қандай жағдай болса да, енді ішімдік ішіп рөлге отырмайтынымды түсіндім (сол түні расында да жағымсыз жағдай болды)", – деп мойындады Бақытбекқызы

Айсәуленің айтуынша, ол  полицейлерге пара беруге деген көзқарасы теріс. Егер олай болмаған жағдайда, бұл жайлы бүкіл қазақ елі білмес те еді. 

Ара-тұра ішімдік ішкенді ұнатқанымен, Айсәуле шылым шекпейтінін және өмірінде есірткі татып көрмегенін де атап өтті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.