Тоқтар Серіков марқұм анасын еске алды
1 174
Әнші Тоқтар Серіков марқұм анасын еске алып, желіде әсерлі жазба жариялады. Ол өз анасынан айырылып қалғандықтан, өзгелердің анасын көргенде ет жүрегі елжірейтінін айтты, деп жазады Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Серіков өнердегі әріптесі Айдар Тұрғамбектің анасын көріп, өз жақынын еске алды.
"Жігіттер" тобындағы Айдар бауырымның анасы. Ана деген қандай жақсы Алла ұзақ ғұмыр берсін. Бізді көріп айналып толғанып ыстық құшағына алып қысты. Сәл болса да ана мейірімін сезініп анамды көргендей күй кештім. Бейбіт екеуміздің анамыз тым алысқа кеткеннен кейінбе ана көрсек еркелегіміз келіп тұрады. Айдардай ұлды қазақ еліне тәрбиелеп берген ақжаулықты ана ғой. Аман болыңыз", - деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Серіковтің анасы 2021 жылы дүниеден озды.