Imanbek қайтадан Grammy сыйлығына ұсынылды
Қазақстандық диджей әнші Taichu-мен бірге латынамерикалық өнер және ғылым академиясының сыйлығына ұсынылды. - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Иманбек Зейкенов бұл туралы ақпаратты өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«Латын электронды музыкасының үздік орындаушысы» аталымы бойынша «Ella Quiere Techno» трегіне әнші Taichu-дың ремиксі таныстырылды.
Осы аталым бойынша тағы 4 трек таласады. Жеңімпазға дауыс беру 1 қазанда басталады. Ал «Латын грэммиі - 2025» сыйлығын табыстау рәсімі 13 қарашаға жоспарланған. Салтанатты рәсім Лас-Вегаста өтеді.