Тегін концертке келмей, ақша үшін мейрамханада ән шырқаған
525
Әнші Қайрат Нұртас Тараздағы қала күніне арналған концертке қатыспай, жергілікті мейрамханалардың біріндегі тойда ән салған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
8 қазан күні “Көне Тараз” этникалық-мәдениет кешенінде қала күніне арналған мерекелік концерт өтті. Қалалық әкімдік таратқан хабарландыруда кеште Қайрат Нұртастың ән шырқайтыны айтылған.
Тіпті, Қайраттың суреті бар баннерлер де көшегі ілінді. Өкінішке қарай, тыңдармандар асыға күткен Қайрат сол күйі сахнаға көтерілген жоқ. Ол кейін бейнежолдау жасап, концертке кешігіп қалғанын айтқан.
Алайда, қаладағы жергілікті мейрамханалардың бірі сол күні Қайраттың қатысуымен өткен тойдан үзінді жариялады. Яғни, әнші қала күніне арналған, бірнеше апта бойы хабарланған мерекелік концертке қатыспай, тойда ән салған.
Әншінің бұл әрекетін желі қолданушылары сынға алып жатыр.

“Концертке кешігіп қалдық. Жол ғой, енді… Аман болыңыздар”, – деді әнші.
Алайда, қаладағы жергілікті мейрамханалардың бірі сол күні Қайраттың қатысуымен өткен тойдан үзінді жариялады. Яғни, әнші қала күніне арналған, бірнеше апта бойы хабарланған мерекелік концертке қатыспай, тойда ән салған.
Әншінің бұл әрекетін желі қолданушылары сынға алып жатыр.
“Оған тек ақша керек”, “Қаншама адам сені күтті ерте келіп. Жай халықтың қадірі болмағаны ғой”, “Меніңше, бұл көрерменге, өзін күткен адамдарға деген құрметсіздік. Қанша уақыт күттіріп қойды”, – деп жазды желі қолданушылары.