Әріптесін ұрды деген әншінің ісі екі айға созылды
Белгілі заңгер Инга Иманбай “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменді соққыға жыққан әнші Мұқасан Шахзадаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары созылып кеткенін айтқа,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Әріптесінен жәбір көрген әнші Ғалымжан Сүлеймен тергеу жұмыстары екі айдан бері жүріп жатқанын, алайда ешқандай нәтиже көрсетпегенін жеткізген. Оның айтуынша, бұған Мұқасан Шахзадаевтың қатысы бар.
Ол сондай-ақ Мұқасан Шахзадаев болған оқиғаны бұрмалап жеткізіп жүргенін айтқан.
Ал заңгер Инга Иманбайдың сөзінше, Қылмыстық кодекстің 107-бабы “Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру” бойынша қозғалған істер әдетте екі аптадан бір айға дейінгі мерзімге сотқа жолданады. Бұл іс баяу жүріп жатыр.
“Тергеу барысы созылып кетті. Шындығын айту керек, мен Мұқасан мырзаның тергеу органдарына ықпалы бар деп санаймын. Өйткені ол кісі тергеуге келген кезде де өзін кінәлі сезінгенін немесе өкінгенін көрген жоқпын”, – деді Инга Иманбай.







