"Ақталғым келмейді": Блогер Аружан Абилова да орамалын шешті

2 500

Фото: Instagram.com/abilovva_a/Танымал блогер Аружан Абилова да хиджабын шешті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ол жеке өміріндегі өзгерісті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Блогер бұл шешімге бір күнде келмегенін, кейінгі бір жыл бойы ішкі ойларымен арпалысып жүргенін жазды.

Сондай-ақ ол бұл шешімі үшін ақталғысы келмейтінін жеткізді.

“Иә, көріп тұрғандарыңыздай, мен енді орамалда емеспін. Соңғы бір жыл бойы осы ойлармен арпалысып жүріп, ақыры бұл күресте жеңілдім… Ешқалай ақталғым келмейді. Барлығымыз да қателігі мен күнәсі қатар жүретін пендеміз”, – деп жазды Аружан Абилова.

Сонымен қатар блогер болашақта қайтадан орамал тағуға ниетті екенін де аңғартты.

“Алла қайтадан орамалға оралуымды нәсіп етсін”, – деген ол оқырмандарынан түсіністік танытуды сұрады.

Аружан Абилованың бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, түрлі пікірге себеп болды. Бірі блогердің шешімін түсіністікпен қабылдаса, енді бірі өз көзқарасын білдіріп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.