Дариға Бадықованың экс-күйеуі ажырасу себебін айтты

2 516

Коллаж:© sn.kzТанымал актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі, актер Дархан Мұсаев ажырасуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Өнер иесі бұл ойын «Үйлену оңай» фильмінің премьерасы кезінде журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты. Актердің айтуынша, ажырасу мәселесінде бір ғана тарапты кінәлау дұрыс емес. Оның пікірінше, отбасындағы кез келген мәселе екі адамның да жауапкершілігімен байланысты.

«Ажырасуға әйелді де, еркекті де кінәламаймын. Таяқтың екі ұшы болады. Қазір бірақ қазақ қоғамындағы психологтарды кінәлаймын», – деді Дархан Мұсаев.

Актердің бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырып, көпшілік тарапынан қызу талқыланып жатыр. Кейбір желі қолданушылары оның пікірімен келіссе, енді бірі бұл мәселеге әр отбасының өз жағдайы әсер ететінін жазған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.