Қуандық Бишімбаевтың анасы келінін қайта сотқа беріп, 22 млн теңге өндіруді сұрады

2 500

Фото:  Turkystan.kzБұл туралы Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

«Сонымен, біз Early Action, Early Decision бағдарламаларына дайындалып жатқанда, бесінші талап арыз келіп түсті. Бұл жолы 22 миллион теңгеге. Қысқасы, осы даудың соңы көрінетін емес», – деді ол.

Оның айтуынша, жаңа талап арыз Астанадағы Highvill тұрғын үй кешенінде орналасқан коммерциялық нысанға қатысты. Некеде болған кезде бұл нысанды Назым Қаһарман сенімгерлік басқару шарты негізінде басқарған. Әйелдің сөзінше, ажырасқаннан кейін нысанды басқару құқығы Бақытжан Байжановқа берілген.

Кейін Назым Қаһарман нысанды басқару құқығын қайтадан он ай мерзімге алғанын айтты.

«Түскен барлық қаражат балаларға, мектептерге, алиментке, денсаулыққа, демалысқа, дәрігерлерге, репетиторларға жұмсалды. Яғни, мұның бәрі алимент есебінен өзара есепке жатқызу тәртібімен жүзеге асырылды. Барлық шығын есептеліп, көрсетілді», – деп мәлімдеді ол.

Назым Қаһарманның айтуынша, екінші тарап шығындардың осылай бөлінгенінен хабардар болған және оған келіскен. Алайда екі-үш жылдан кейін бұрынғы күйеуінің туыстары өз ұстанымын өзгертіп, сотқа жүгінген.

Енді ол алиментке қатысты жеке талап арыз дайындап жатыр. Әйелдің айтуынша, бұл үшін балаларға жұмсалған шығындарды растайтын құжаттар мен түбіртектерді жинау қажет. Оның сөзінше, қарсы талап арыздағы сома тараптар бұған дейін алимент есебіне жатқызған қаражаттан да көп болады.

Назым Қаһарман жаңа іс бойынша қазірдің өзінде екі сот отырысы өткенін де хабарлады. Оның болжамынша, келесі отырыс 11 қарашада өтеді. Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы талап арызды нақты кім бергенін өз мәлімдемесінің екінші бөлімінде айтатынын жеткізді.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова бұрынғы келініне сенімгерлік басқаруға берілген коммерциялық нысанға қатысты талап арыз түсіргені хабарланған болатын. Бастапқыда талап сомасы шамамен 25 миллион теңгені құраған. Алайда сот NazKa ЖК-нен 6,7 миллион теңге берешек пен сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Қалған талаптар қанағаттандырылмады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.