Нұр-Мұқасан тобының жаңа әншісін соққыға жықты

2 584

Фото: Іnstagram.com/mukassan_shakhzadayev/zhan_ahmadiev“Нұр-Мұқасан” тобының орындаушысы Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев өзін соққыға жыққанын мәлімдеді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымжан Сүлейменнің айтуынша, оқиға Шахзадаевтың әндерді рұқсатсыз орындағаны үшін сотқа бергенін хабарлауынан кейін басталған.

“Алғашында сөйлескенде бәрін түсіндім. Ертеңіне жанындағы екі жігітімен келді. Боқтап, айқайлаған соң сыртқа шығып кеттім. Қақпадан шығып бара жатқанда артымнан келіп өзі ұра бастады. Жанындағы екеуі де жабылды”, – деді ол.

Сонымен қатар, Ғалымжан Сүлеймен Мұқасан Шахзадаевтың оқиға кезінде мас күйде болғанын алға тартты.

“Оны тіпті ұстамады. Есік алдынан ‘білгеніңді істе’ деп қол бұлғап шығарып салды. Ал мені 102 қызметі алып кетті”, – деп қосты ол.

Оқиғаға қатысты қосымша деректер әзірге жарияланған жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.