Актриса Айшолпан Байтүгелді келемеждеген дүкен даудың ортасында қалды

2 557

Фото:stan.kzӘлеуметтік желіде актриса Айшолпан Байтүгел түсірілім кезінде косметика дүкенінің қызметкерлері тарапынан келемежге қалғанын айтты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің айтуынша, реалити-шоу түсірілімі барысында қызметкерлер оның сырт келбеті мен артық салмағына қатысты мысқылдаған, сондай-ақ алдын ала ескертпестен үйіне фаст-фуд тағамын жеткізіп, оны шоу элементіне айналдырған.

Оқиға желіде кең талқыланып, қолданушылар дүкенге бойкот жариялауға шақырды.Көптеген әріптестері актрисаны қолдап, қызметкерлердің қарым-қатынасын сынға алды.

Косметика дүкенінің негізін қалаушы Жұлдыз Әкім актрисадан бетпе-бет кешірім сұрап, түсініспеушілікке жол берілгенін мойындады. Айшолпан Байтүгел тараптардың татуласқанын және мәселенің шешілгенін хабарлады.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.