Тамара Асар күйеуінің жетістігін айтып, мақтанды

2 712

Фото: instagram/ tamara_assar_officialТанымал әнші Тамара Асар күйеуінің жетістігін көрсетіп, көпшіліктен сүйінші сұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің жолдасы "Астық" зауытының иесі. 

“Бапасы – Жұмаш Айтжанұлы. Бала күнгі арман-мақсатыңызды ұштастырған, жастық шағыңыздың албырт күшін арнаған өндірісіңіздің тарихқа енуі құтты болсын! Біз сіздің жетістіктеріңізге қуанып жүре берейік! Әке-шешеңіз тірі болғанда марқайып, мақтанып ағайын туысқа өздері хабарласып отырар еді… Әттең… “Made in Kazakhstan. Brands of Kazakhstan” кітабы – ел тарихындағы қазақстандық брендтер туралы алғашқы жинақ. Кітапта Қазақстандағы 30-дан астам жетекші компаниялардың брендтері топтастырылған. “Астық” зауыты да еніп, қуанып отырмыз. Шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан эконимикасына толағай табыстар әкеле беріңіздер! Отандық өндірістегі машина жасау саласына еңбектеріңіз сіңе берсін! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!”, – деп жазды әнші.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.