"Сүйіп қосылғандар өмірлерін қиындатпау керек" Дина Төреәлі сүйіктісі жайлы айтты

496

https://www.instagram.com/tattti_kyz/Жақында ғана сүйіктісіне тұрмысқа шығуға келісімін берген Дина Төреәлі өз жүрегін жаулаған азаматқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Үш ай ғана қыз бен жігіт болдық. Біздің танысқанымызға әлі жарты жыл да болмады", - деп жазды Дина Төреәлі.


Желі қолданушылары ғашығымен тек үш ай ғана кездескен аруды сынға алып үлгерді. Алайда бойжеткен аз уақыт танып, тұрмысқа шыққанда тұрған ештеңе жоқ екенін алға тартты. Сонымен қатар Дина Төреәлі өзіне түсініспеушіліктер көп болатынын ескертке оқырманына да жауап берді.

"Түсініспеушілікті ақылмен шешсеңіз, өміріңіз қиын емес, керісінше керемет болады. Сүйіп қосылғандар өмірлерін қиындатпауға тырысады. Мен соны білемін. Сүйіп қосылып, түсініспеушіліктен өміріңіз қиындап кеткен соң жазып жатқан секілдісіз. Ол сіздің өміріңіз. Мен сіз емеспін, сіз мен емессіз. Әр түрлі жағдайдан әр адам әрқалай шығады. Жай ғанан бір-бірімізге бақыт тілейікші, кері тартпай", - деп жазды ол.

 

Оған қоса Дина Төреәлі қалыңдық образындағы фотосын жария етті. "Ұлы дала баласының" қарындасы алдағы тойға дайындықты бастап кеткенін айтты.