Әнші Алмас Кішкенбаев қара тізімде екенін мәлімдеген

2 523

Фото: Instagram.com /a.kishkenbaevТанымал әнші Алмас Кішкенбаев шығармашылығына ден қойған сәтте кедергі келтіріп жатқандар жайлы сөз қозғаған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырған. Әнші оның есімін қазақ эстрадасынан жойғысы келетін жандар бар екенін алға тартып, тыңдармандары барда өнер жолын тастамайтынын жеткізген.

“Менің атымды тарихтан жойғысы келеді екен.... Көрейік... Күтейік... Өмір жалғаса береді, сіздер барда мен өшпеймін”, – деп жазды ол.

Әнші сондай-ақ барлық телеарнаның қара тізімінде екенін айтқан. 

Барлық телеарнаның қара тізімінде екенімді білемін. Телеарналарың да, қара тізімдерің де өздеріңе. Қарапайым халықтың алдында мен жай ғана әншімін. Өнерімді құрметтейтін тыңдармандарым бар. Оны да артық көрсеңіздер, айтарға басқа сөзім жоқ”, – деп жазды ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.