«9 ай үнсіз болдық»: Істі болған Жанабыловтар ел алдына шықты

2 511

Фото:© КоллажІсімен елге танылған Жанабыловтар отбасы ұзақ үнсіздіктен кейін әлеуметтік желіге қайта оралды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар соңғы айларда қиын кезеңді бастан өткергенін айтқан.

«9 ай үнсіз болдық. 4 ай әлеуметтік желіде болмадық. Осы уақыт ішінде көп нәрсе өтті соттар, уайым, отбасымызбен бірге қиын кезеңнен өттік. Бүгін қайта оралып отырмыз. Жаңа күшпен, жаңа оймен»,- деп жазды олар.

Сондай-ақ, отбасы осы уақыт бойы қолдау білдірген жандарға алғыс айтты.

«Осы уақыт бойы бізге жазған, күткен, қолдау көрсеткен жандардың бәріне үлкен рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз бізге күш берді. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет», – деді Жанабыловтар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.