"Жөндеу жұмыстарына 20 млн теңге кетті": Мөлдір Әуелбекова ұлының жаңа пәтерін көрсетті

1 526

Видеодан кадр: instagram.com/moldir.auyelbekova Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/showbiz/2063915-zondeu-zumystary-20-mln-tenge-boldy-moldir-auelbekova-ulynyn-zana-paterin-korsetti-video/Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жөндеу жұмыстары аяқталған соң, көпшілікке ұлының жаңа пәтерін көрсетті. Өнер иесі баспананың жөндеу жұмыстарына 20 млн теңге жұмсаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мөлдір Әуелбекова ұлына сыйлаған 60 миллиондық пәтердің жөндеу жұмыстарын аяқтағанын хабарлады. Қуанышы қойнына сыймаған әнші бұл жаңалықты Instagram парақшасында жария етіп, қалың көпшілікке жаңа баспананы көрсетті. 

Өнер иесі пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізерде ұлының жағдайын барынша ойластырып қойған. Жатын бөлме, демалысқа арналған бөлме, қонақтар бөлмесі, жуынатын бөлме, ас үй бар. Әуелбекова перзентінің алғашқы баспанасын заманауи әрі қазақи стильді ұштастыра жасап шыққан. Оған қоса ол үйге қажетті барлық жабдықтарды да алып қойған. 

Әртістің сөзінше, жөндеу жұмыстарына 20 млн теңге жұмсалған. 

"РумТур! Пәтер алып, ремонт жасап толтырып тастадық. Тіпті ине жібіне дейін жаңа! Үй 60 млн теңге болса, жөндеу жұмыстары 20 млн теңгені құрады. Сонымен ұлымның сыйлығы 80 млн теңге болды. Ешкім тұрмайды, біз жер үйде тұрамыз", - деп жазды әнші.