Айдана Меденова өзіне қол жұмсамақ болған
338
Әнші анасынан айырылған кезде өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Айдана отбасында үш ағайындының кенжесі. Өзінен үлкен әпкесі мен ағасы бар.
«Анам қаза болғанда, ең ауыр соққы маған тиді», - деп ағынан жарылды әнші.
Десе де, Меденова өзін, әкесін ойлап, есін тез жиғанын, ерте есейгенін айтады.
«Үлкен кісілерге, әсіресе ер кісілерге өзінің жартысын жоғалтып алу өте ауыр болады екен. Біз оған түсіністікпен қарадық. Барлығымыз бағыт-бағдарымызды жоғалтып алдық. Біз де, әкеміз де не істерін білмей қалды. Біз оған қарап, керісінше оған көмек бергіміз келді. Ол сәтте үйдің ең кенжесіне, яғни маған өте қиын болды. Әпкемнің өз жанұясы болды, ағам есейіп үлгерген.
Әкеміз екінші рет үйленді. Менің тағы бір інім пайда болды. Ол кезеңге қайта оралғым келмейді. Көп сөз, көп ойлар келеді. Бірақ әр адамның өмірінде өз қиыншылықтары болады.
15 жасымда анам кеткенде бір секундқа сондай ойлар болды. Өйткені өзімді анамсыз елестете алмайтынмын. Соны естігенде 9-қабаттың балконына жүгіргенмін. Жанымда ағам болды. Ағамның да қандай күйге түскенін көрдім. Соның барлығы басымда қалып қалған. Бірақ менің мінезім керісінше қатты болып шықты. Сол 1 минут әлсіздікке басымдық бердім де, бірден өзімді жинап алдым. Қазір де кез-келген жағдайда өзімді тез жинап аламын.
Сол 15 жасымда: «Ертең өмірім өзім қалағандай болу үшін не істеуім керек?" деген сауалды өзіме қойдым», - дейді Айдана Меденова.
Анасынан ерте айырылған Айдананың әкесі де осыдан жарты жыл бұрын өмірден озды. Ұзақ уақыт ауырған әкесінің жанында болған Меденова сол аралықта шығармашылығын тоқтатып қойғанын айтып өтті.
«Күйзелістен шығуыма күйеуім көмектесті. Көп нәрселерді бірге өткердік. Әкем жарты жылдай ауырды. Сол кезде барлық жерден «пауза» алдым», - дейді Айдана Меденова.