Ерке Есмахан Париждегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті

2 527

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim-мен бірге махаббат қаласы аталып кеткен Парижге барып, есте қаларлық ерекше демалыс өткізіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Фото: Instagram/erke_esmahanЖұлдызды жұп желіде асқан белсенділік танытып, оқырмандарына Франциядағы демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Олар Instagram-дағы парақшаларында Париж қаласынан түрлі фото мен видео жариялап, елді қызықтырып қойды. 

Ерке Есмахан мен Raim Франция астанасының әсем жерлерін аралап, ең танымал мейрамханалары мен киім дүкендеріне барды. Ерлі-зайыпты желі қолданушыларына бұл саяхатынан алған әсерін айтып, бәрі ниетке байланысты екенін жеткізді. 

"Бәрі ниетке байланысты дегенді көп естисіздер. Сондағы ниет сенім ғой. Өмірдегі әрбір нәтиже сіздің бір кездегі сеніміңіз. Дәл осылай Париджің төрінде сүйіктіңізбен ас ішіп, әңгімелесіп отыратыныңызға күмән болмасын. Алла бұйыртсын", - деп жазды Ерке Есмахан.