Айгүл Иманбаева жас әншінің қызбен танысуына кедергі келтірген

2 077

Жас әнші Еркеш Хасен Қызық Times бағдарламасында қонақ болып, басынан өткен жайтты баяндады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Айта кетелік, Еркеш көпшілікке "Айгөлек" бағдарламасының жүргізушісі ретінде танылған еді.


"Қырыққа келсең де, "Айгөлек" болып жүре беретін сияқтымын. Баяғыда студенттер сарайында концерт өтіп, бір биші қызбен танысайын дедім. Өзім де студентпін. Репетиция кезінде сол қыз ұнап жүрген. Өзімше жігіт болып, коридорда сөйлесіп қайтқым келді. Қолыма сыйлыққа шоколад ұстап алғам. Ол қыз да жақсылап әңгімеге кірісіп, әңгіме қызып келе жатыр еді. Академияда, эстрадный вокалда оқитынымды айтып жатырмын.

Бір кезде қапталдан Айгүл Иманбаева апайым кіреді. Ол кісі мені "Айгөлек" кезінен біледі ғой. Мені көрді де: "Окасөнә папасө" деп еркелете жөнелді. Ана жерде абырой деген кетті. Күліп тұрған қыз бұрылды да, кетіп қалды. Содан кейін ол қыз мені академияда көрсе: "пацан" дегендей көзқараспен қасымнан өтіп кетеді. Қазір оның атын да білмеймін", - деп еске алды әнші.


Еске салайық, бұған дейін Еркеш Хасен жеті айлығында анасынан айырылғанын айтып, көз жасына ерік берген болатын. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.