46 жастағы Айгүл Иманбаева Ұлыбританияда білім алуда

1 253

"Болашақ" стипендиясының иегері атанған 46 жастағы өнер иесі Лондондағы оқуының басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Отандық актриса Айгүл Иманбаева Instagram желісінде Лондонда түсірілген кадрларды жариялады. Жыл басында әнші желідегі оқырмандарына "Болашақ" бағдарламасымен тағылымдама бойынша Ұлыбританияда білім алатынын айтқан еді. Актрисаның шетелге оқуға түскенін кейбір оқырмандары қолдаса, кейбірі сынға алған еді. Кейін өнер иесі "Болашақпен" оқуға түскенін сынағандарға жауап берген болатын. 3 күн бұрын Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде Лондонда түсірілген видеосын жариялады. Ол жазбасында оқырмандарымен амандасып, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ актриса Лондандағы оқуы басталғанын хабарлады.


 "Сәлем достар! Мерекелеріңізбен! Менде сабақ басталып кетті, баршаңызға жақсылық тіледім. Кім Лондонда, direct-ке хабарласыңыздар", - деп жазба қалдырды Айгүл Иманбаева. 


Актрисаның оқырмандары оған жылы лебізін жарыса жазды. 

"Зейініңіз ашылсын!", "Әйгілі Темза үстінде тарихи БигБеннің қасында серуендеп жүрмін деңіз. Керемет! Тарих!", "Бір күніңізді әдемілеп парақшаңызға салсаңыз күшті болар еді", - деп пікір қалдырды олар.