Асхат Садырбай әйелін сотта жеңіп шықты

2 813

Фото: Pixabay.com, ғаламторданЖурналист Асхат Садырбай әйелі Айғаным Қорабаеваға қатысты сот отырысы аяқталды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдегенін және өзіне қарсы адамдардың туы жығылғанын жазды. 

"Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Маған жала жауып, ел алдында қаралағысы келгендердің бүгін туы құлап, позициялары тас-талқан болды. Жалған ақпаратты жалаулатып тапқан нандарың сіңімді болсын! Ал құрбан ролін ойнағандардың маскасы шешілді. Сөз жүзінде емес іс жүзінде!  Иә, құрметті оқырман, бүгін менің жеке басыма айтылған жалған ақпараттар, ар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келтіру бойынша бірнеше айға созылған сот аяқталды. Жауапкер Қорабаева А. менің және менің отбасыма қатысты айтқан ақпараттардың біреуіне де дәлел бере алмады. Тіпті соттың бір сұрағына “өзім ойдан айта салдым” деген сыңайда жауап берді. Біреуге күлкі, біреуге өсек шығар. Бірақ бұл – адамның өмірі мен тағдыры", – деп жазды журналист.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.