Жанель Мақажанға өзінен сегіз жас кіші сүйіктісі құда түсіп келді

467
Отандық актриса Жанель Мақажан жуырда актер Абай Асылханмен мешітте некесін қидырып, ерлі-зайыпты атанған болатын. Араға бір ай салып, Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Жанельдің үйіне актердің ата-анасы келіп, сырға салған.

Әсерлі сәтті оқырмандарымен бөліскен актриса бұрын тұрмыста болғанына қарамастан, өзіне сырға салған сүйіктісі мен оның ата-анасына ризашылығын жеткізді. 


"Сырға салу! Бұл күн есте қалары сөзсіз. Абай екеуіміз сөз байласып жүргенде, жақсы адам екенін көріп, ата-анасын сырттай жақсы көріп жүруші едім. Демек, осы екі жақсы жаннан дүниеге менің күйеуім келген екен деп.


 Екі жақ танысып, құда атанар күнді біз қатты күттік. Қасиетті “Құрбан айт” мұсылмандардың асыға күтетін мереке күнінде, бұл күнге де жеттік. Бұл тек таныстық, бастамасы... Әрі қарай “Құдалық”. 


Бірақ... Сырға салады деп мүлдем ойлаған емеспін. Ө
здеріңіз білесіздер, бұған дейін тұрмыста болдым. Соған қарамастан, ата-енем (енді менің де мамам мен папам) осындай сый жасады. Көзіме жас келді. Неткен мейірімге толы жандар. Жақсы көрем!", - деп жазды ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына.