Жазира Байырбекова елтаңбаны ауыстыруға қатысты ойын айтты

2 564

Фото: instagram.com/zhazira_bairbekovaҚазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Жазира Байырбекова елтаңбаны ауыстыруға қатысты пікірін айтты. Өнер иесі оған қыруар қаражат жұмсағанша, ол ақшаға зауыт-фабрика ашқан абзалырақ деген ой білдірді,  - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жазира Байырбекова қазіргі уақытта қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыпқа қатысты ойын Instagram парақшасында айтқан. 

"Біреудің ақшасын, табысын санаған өте жаман екенін білемін. Сонда да елтаңбаны ауыстырғанға жұмсайтын қаражатты мақта, тері, ыдыс өндіріп шығаратын фабрикалар мен зауыттар ашса ғой деп ойлаймын тыныш жүрмей. 
Мысалы біз балаларымызға Мәскеуден келді деп алып жүрген киімдер Өзбекстанда өндіріледі. Халық дәрігерге көрінуге Өзбекстанға барып жатыр. Лимон, қызанақ секілді жеміс-жидектерді "Ташкенттен әкелгенін беріңізші" деп сұрайтын болдық. Бұрындары Қапшағайда шәйнек, кеселер, Таразда шұжықтар, Түлкібаста алмалар, Қарағандыда кәмпиттер, Шымкентте костюм-шалбарлар шығарылатын еді", - деп жазды эстрада жұлдызы.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.