"Үстімнен тізесімен басып, буындырып жатты":Бір жылға созылған дауда, сот BikaBreezy-ді кінәсіз деп тапты

2 506

Фото: Instagram.com/bikabreezy/BikaBreezy лақап атымен танымал әнші Биназир Ермағанбетова көршісімен арадағы бір жылдан астам уақытқа созылған сот дауы аяқталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оның сөзінше, сот әншіні көршісіне жеңіл дене жарақатын келтірді деген айып бойынша ақтаған.

Биназирдің айтуынша, жанжал былтыр қаңтарда үйінің ауласында басталған. Сол кезде көршісі оған тап беріп, күртесінен ұстап, жұлқылап, кейін бетінен жұдырықпен ұрған.

Әнші болған жағдайдан кейін полицияға жүгінген. Алғашқы сот процесінде ер адам кінәлі деп танылып, оған 70 мың теңге айыппұл салынған.

Алайда бірнеше аптадан кейін істің бағыты өзгерген. Биназирдің сөзінше, көршісі дене жарақатын алғаны туралы сот-медициналық сараптама қорытындысын ұсынып, енді оның үстінен арыз жазған.

“Осылайша жәбірленушіден өзім айыпталушыға айналдым”, – деп жазды ол.

Әншінің айтуынша, айыптау актісінде ол жерде жатқан кезде, көршісі үстінен тізесімен басып, буындырып жатқан сәтте ер адамға қасақана зиян келтіру туралы ниет пайда болды деген тұжырым болған.

Биназир мұндай айыппен келіспей, көршісіне өзі шабуыл жасамағанын, керісінше қорғануға мәжбүр болғанын дәлелдеуге тура келгенін айтты.

“Маған көршіме шабуыл жасамағанымды, тек өзімді қорғағанымды дәлелдеуге тура келді”, – дейді ол.

Оның сөзінше, іс материалдарында куәгерлердің жауаптары, медициналық құжаттар және алғашқы сот отырысының материалдары болған. Сол деректерді қараған сот Биназир Ермағанбетованы кінәсіз деп таныған.

Әнші бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, ұзаққа созылған дауға нүкте қойылғанын жазды.

“Көршіммен болған оқиғаға нүкте қоямын”, – деді ол.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.