Әнші бойында 6 ұлттың қаны бар ұлының есімін не себепті "Теодор" деп қойғанын айтты

430
Мақпал Исабекова ұлының есіміне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Отбасылық өмірі туралы көп айта бермейтін Мақпалдың күйеуі де, оның ұлты да көпшілікке қызық. Өнер иесі сондай бірқатар сұрақтарға жауап берді.

“Неге ұлыңыздың есімін Теодор деп қойдыңыз?” деген сауалға әнші: “Тегімен, әкесінің атымен үйлессін деп ұлымыздың есімін күйеуім таңдады. “Теодор” грек тілінен “Құдайдың сыйы” деп аударылады. Күйеуімнің есімі де грек тілінен алынған”, – деп жауап қайырды.


Өнер иесі ұлының ұлтын нақты айтпады және оқырмандардан мұндай сұрақтар қоймауын өтінді.

“Ұлымда алты ұлттың қаны бар. Ол – әлемнің азаматы. Мұндай сұрақтар қоймаңыздаршы. Маған ұнамайды”, – дейді Мақпал.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.