«Бишарашки фильмі бишара қылып жіберді»: Еркебұлан Тоқтар неге шүйлікті
Танымал отандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар өзі басты рөлдердің бірін сомдаған «Бишарашки» фильмінің ресми премьерасына кіре алмай қайтқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол инстаграм парақшасында мәлімдеме жасап, кинотеатрдағы күзет қызметіне ренішін білдірген.
Еркебұлан Тоқтар кинотеатрға келген сәтте мыңға жуық көрерменмен бір сағаттай уақыт бойы суретке түскенін айтады. Одан кейін кино залына өтпекші болғанда, күзет қызметінің әрекеті актердің шымбайына батқан.
«Мұндай премьераның керегі жоқ»
Актер премьера сияқты маңызды шаралар өте мәдениетті түрде өтуі тиіс деп есептейді. Ол ұйымдастырушылар мен күзетшілер тарапынан өзара құрмет пен жылы қарым-қатынастың болмағанына қатты ренжіген.







