"Үйіміз суық, жағдайымыз мәз емес", - дейді Айжан Байзакова

350

Атышулы Айжан Байзақова естелік видео жариялады. Кадрдан блогердің бала кезі қамсыз, бақытты өткенін байқауға болады. Десе де, жүзіміз жадырап тұрғанымен, үйіміз суық, жағдайымыз мәз емес, дейді Айжан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Фото: https://www.instagram.com/bayzakova/?hl=ru


"Жылап отырмын. 2000 жылғы архивтен. Әкем бастығынан камераны сұрап алып, біздің балалық шағымызды кадрға алуға тырысты. Ол кезде каменкада тұратын едік, үйіміз суық, есесіне жанымыз жылы еді. 
Барлығымыз бір кезде бала болдық. Мінсіз өмірді, жақсы күйеуді, дені сау балаларды, жеке пәтеріміз бен көлігімізді армандадық. Анам майда-шүйде нәрселерге қуануды, ал әкем қандай проблема болса да, мойымауды үйретті. 
Біз миллиардердің балалары емеспіз. Көптеген адамдар сияқты әке-шешеміз берген тәрбиенің арқасында өзімізді өзіміз жасадық. 
Мына видеода маған мән беріп қарасаңыздар, көп күлімдейтінімді байқайсыздар. Қазір де сөйтемін. Қашан да бойымда сол бала күнгі арманшылдықты сақтап қалуға, өзім мен отбасым үшін тек жақсысына қол жеткізуге тырысамын.
Өмірімде болып жатқан барлық оқиғаларға қуаныштымын әрі бақыттымын. Кішкентай кездеріңіздегі армандарыңызды орындаңыздар
", - деп жазба қалдырды блогер Instagram парақшасында.