Түркияда өтетін сұлулық байқауына Қазақстан атынан алматылық қыз қатысады

433
Алматылық Лаура Мұхтар Түркияда өтетін Miss Aura International 2021 сұлулық байқауына Қазақстан атынан қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқау 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Анталияда өтеді. Байқауға әлемнің әртүрлі елінен келген 70-тен аса қыз қатысады. Дәстүр бойынша Miss Aura International таланттар байқауы, сән көрсетілімдері, кешкі және ұлттық көйлектер көрсетілімі секілді бірнеше кезеңдерден тұрады. Қыздар әлеуметтік және қайырымдылық шараларға қатысады.


Лаура байқауға белсенді дайындалып, ұлттық және кешкі киім үлгілерін іздеумен айналысып жатқанын айтты. Қыздың аймақтық және халықаралық конкурстарға қатысу тәжірибесі мол. Ол "Алматы аруы - 2018" финалисті, онда "Спорт-дива" және People Choice секілді екі номинацияны жеңіп алған. 

Сонымен қатар, Лаура Лондонда өткен "Miss SSR UK UK 2019" байқауында "II вице-мисс" атағын жеңіп алған. 

Сондай-ақ, ол Киевте өткен Miss Queen Europe - 2019 байқауында басты титулды жеңіп алған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.