"Анам келініне келін": Ләйлә Сұлтанқызы келінге көмектесетін енелер туралы айтты

540

Фото:https://www.instagram.com/sultankyzy/?hl=ruОтандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы келіндеріне көмектесетін енелер туралы өз ойын ашық айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ләйлә Сұлтанқызы мысал ретінде өз анасын келтірді. Сөзінше, анасы түсірген үш келініне де көмектесіп келеді.


 "Келінге келін болған аналарым-ай. Өткенде өткізген сауалнамада 5851 қыз-келіншектің "анам келініне келін" деген жауапты мен былай қабылдар ем. Әр ана баласының әйеліне денсаулығы жарап тұрса, қолы бос кезде көмектеседі. Мен келін болып түскенде енем болмады. Ертеректе қайтыс болған. Түсінбейсің дерсіздер, мейлі, бірақ Дишинкамның үш келіні бар. Көзім көріп отыр ғой, арасында жұмсап, өзі де қазан-ошаққа араласып отырады. Етті сүйт-бүйт, зауаланы былай иле, киітке мынаны қос дегенін естіп өстік. Білмегенін үйретсе несі айып, келін жоқ болған кезде тамақ жасаса несі жаман? Есті келін біраз уақыттан кейін бәрін өзі-ақ істейді ғой, қолынан ештеңе келмесе, үйреткенді үйренбесе, амал жоқ отырғаны сол шашылып, бығып, сасып. Келінге келін болған жақсы, келінің болса. Енеңе келін болған қандай күшті, енең болса", - деп жазды тележүргізуші Instagram парақшасында.