Айдарбековтардың шаңырағында неге келін тұрақтамады?

824
Продюсер Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы мен келінінің ажырасып кеткені жайлы қауесет әңгіме әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Заңғар Нұртас әйелімен бір шаңырақ астында тұрмайтынын растады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Заңғар мен келіншегі Жібек 2022 жылдың наурыз айында шаңырақ көтерген еді. Бастапқы кезде жас жұбайлар отбасылық өмірдегі қызықты сәттерінің видеосын желіге жүктеп, бақытты екендерін жеткізетін. Десек те, олардың арасындағы сезімге сызат түскеніне желі оқырмандары сенімді. Мәселен, Заңғар шет елдегі демалысқа жалғыз аттанып, тіпті әйелінің фото-видеоларын жеке парақшасынан өшіріп тастаған.


Қазір Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы үйінде жалғыз өзі тұрып жатыр. Ол таңғы асын да өзі әзірлейтінін көпшілікке көрсетіп, жұбайы Жібекпен ұрсысып қалғанын да ашық айтты.
"Сіздермен бірге Заңғар Нұртас және сенің әйелімен ұрсысып қала беретін достарың", — деді Қайрат Нұртастың інісі.

Сондай-ақ бүкіл ғаламтордағы жұрттың назарын өзіне аударған Заңғар Instagram-да жеке өміріндегі өзгеріске қатысты жазба қалдырған.
Пенденің басына не келіп, не кетпейді. Өтініш, жеке өміріме араласпауларыңызды сұраймын, — деп жазды Заңғар Нұртас.



















Таяуда Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде отырған Айдарбекованы халық сұрақтың астына алды. "Кіші келініңіз қайда", "Жібек қайда?", "Кіші ұлыңыз неге жалғыз жүр?", деп тоқтаусыз сауал жазылды. 

Шыдамы таусылған ана "Неге бәріңіз қоймайсыздар? Заңғар мен Жібек ажырасты. Менің түк қатысым жоқ. Тұз-дәмдері жараспады. Заңғар да жақсы, Жібек те жақсы. Үйленгенімен, бірге тұра алмады", деп бар шындықты жайып салды.