Ерке Есмаханның AZ және ұлымен түскен суреті желіні шулатты

913

Фото: видеодан скриншотҚазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде сүйіктісі Азамат Зенкаев және ұлымен түскен суретін жариялап, елдің қызу талқысын тудырды.

 Желідегілердің аталған фотоға қатысты пікірі екіге бөлінді.


Ерке Есмахан Instagram желісінде өз оқырмандарын қызықтырған сауалдарға жауап беру барысында еш жерде жарияламаған ерекше суретін бөліскен. 


Фотодан өнер иесінің ғашығы Азамат Зенкаев және ұлы Мүсіліммен серуендеп жүргенін көруге болады. 


Әншінің жанкүйерлері желіде бұл жайтты бірден қызу талқыға алып, қос ғашыққа қатысты өз пікірлерін жарыса жазды. 


Бірі бақыт тілеп, олар үшін қуанып жатса, енді бірі эстрада жұлдызының ұлын "A.Z"-мен таныстырғанына шүйліккен.


 "Теңін тапса бақытты болсын", "Бір ұйыған отбасыдай болып тұрсыздар. Көз тимесін. Бақытты болыңыздар", "Екеуіңді де жақсы көремін. Мүсілім де бақытты секілді", "Бағың ашылсын", "Керемет жанұя сияқты болып қалыпсыздар", "Қайдағы папасы, айдаладағы еркек емес пе", "Баласынан бес жас кіші жігіттің миын улап", "Баласын таныстырып үлгерген бе", "Мынаны баланың әкесі көрді ме? Азаматты Мүсілімнің қасында тұрғызбау керек", "Ерке не істеп жүрсің", - деп жазуда көпшілік.