Гүлзира Айдарбекова: "Бала мен келінге күнім түсіп тұрған жоқ"
2 204
Ұлы мен келінін алып, демалысқа шыққан Гүлзира Айдарбекова "жастардың жанынан қалмайды" деген сынға жауап берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кенже ұлын үйлендіргелі Айдарбекова жас жұбайлармен жиі көзге түседі. Жуырда Түркияға бірге барып келсе, жаз айларында Алматының маңындағы демалыс орындарында өткізуде. Айтуынша, о бастағы жоспар бойынша Заңғар мен Жібек Нұр-Сұлтан қаласында бөлек тұруы керек болған. Алайда анасымен бірге тұруды жастардың өзі қалапты.
Дегенмен, Гүлзира ханымның әр әрекетін бақылап отыратын фолловерлер мұнымен тоқтай қойған жоқ. Олардың бірі продюсерді ортаншы ұлының бал айына жастармен бірге аттанды деп айыптаған.

"Негізі Заңғар мен Жібек бөлек тұрулары керек болған Астанада. "ЖҰМАҚ ананың табанының астында, анашым, біз сізді алақанымызға салып, қас-қабағыңызға қараймыз" деп жаныма келіп алды. "Анашым, керемет жер екен, барып қыдырып қайтайық" дейді екеуі кейде қиылып. "Жоқ, мен келесі жолы барамын, өздерің барып қайтыңдар" десем, "онда біз де сол сіз барған кезде барармыз деп бармай қалып жатады", – дейді Айдарбекова.