"Бүркітке айтқан жоқпын": Аиша қалай намазға жығылғанын айтып, жан сырын ақтарды

416
Жұлдызды жұп Бүркіт (шын есімі - Айбек Жансейітов-ред.)пен Аишаның Динара Сәтжанның "100 сұқбат" бағдарламасында көпшілік біле бермейтін құпияларымен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұқбат барысында Бүркіт Аишаның таңғы төртте тұрып, намаз оқитынын айтты.

Ал таңғы уақытын өзіне ғана арнайтын Аиша намазға қашан және не себептен жығылғанын баяндады.

"Намазды карантинге дейін оқи бастадым. Қаңтар айынан бастадым. Мен бұрыннан оқығым келетін. Бес уақыт оқымаймын. Бірақ таңғы намазға тұрамын. Дұға етіп, жаратқанға жалбарынып отырған кезде, ерекше күй кешесің. Бұл өмірде аса қажет. Барлығына күшің, қуатың, махаббатың жетуі үшін маған аса қажет. Мен намаз оқымасам, менің көңіл-күйім мүлдем басқаша болады. Күнде оқымаймын. Бірақ Алламен байланыс жасау үшін өзіме арналған таңғы уақытымды намазға арнаймын", - дейді ол.

Аишаның сөзінше, ол намазға тұрып, медитация жасап, артынша кітап оқығанды ұнатады екен. Десе де, намазға жығылғанын бастапқыда тіпті Бүркітке айтпаған екен.

"Мен оған ештеңе айтпадым. Ол өзі байқап қойды", - дейді әншінің жары.

 Айта кетейік, Аишаның шын есімі - Виктория. Ол ислам дінін Бүркітке тұрмысқа шыққан кезде қабылдаған болатын. Қазіргі таңда жұлдызды жұп екі ұл, бір қызды тәрбиелеп отыр.