"Биыл Құдайдан кәрі қыздарға квота бөлінді-ау деймін" - Қайрат Әділгерей

1 944
Қайрат Әділгерей әнші Кәмшат Жолдыбаеваның тұрмысқа шыққанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Актер танымал әншінің жас жігітке күйеуге шығуын әзілге айналдырған. Актердің видеосын жұбайы Бақыт Тұрман Instagram парақшасында жариялап,

"Кәмшат  туралы айтып жатыр", - деп жазып қойды.

Видеодан актердің белгісіз әйел адаммен сөйлесіп тұрғанын көруге болады.


Біреудің баласына обал емес пе, кәрі әйелге үйлендірген? Мысалы, жап-жас бала. Қайдағы сүйген, қойшы, апа?! Басыма сыймайды, ұят тіпті. Биыл Құдайдан кәрі қыздарға квота бөлінді-ау деймін", - деді Қайрат Әділгерей видеода. 


Ал желі қолданушылары актердің бұл әзілін әртүрлі қабылдаған. 

"Әзілмен күшті жеткізеді", "Ер адам айтатын әңгіме емес", "Тисе, бақытты болсын", "Әркімнің өз тағдыры бар. Артық әңгіме айтудың керегі жоқ", - деді желідегілер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.