Мұхамеджан Тазабек келін түсірді

2 709

Фото: Видеодан скриншотБелгілі медиа менеджер Мұхамеджан Тазабек шаңырағына келін түсірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Медиа менеджер тұңғышын үйлендірді. 

“Жігіт үйленгеннен кейін өз проблемасын, өз отбасының (жұбайы, бала-шағасы) проблемасын өзі шешуі қажет. Әкеге баланың бойұсынуы ол басында болуы керек. Қасына жары келгеннен кейін өз мәселесін өзі шешуі керек. Оның өміріне әке-шеше араласа бергеннен ештеңе шықпайды”, – деді тәлімгер. 

Сондай-ақ тойға таратылатын сыйлықтарды да көрсетті. 

“Өткен жолы анаңыздың тойынан мол тағылым алдық, бұл тойды да бізбен бөліссеңіз” деп келген көптеген өтініштермен тойдың маңызды сәттерін сториста, рилста бөлісіп отыруға тырысамын. Бұл жолы де ерекше сыйлықтар дайындадық. Басты сыйлық – садақ. Басқа сыйлықтар бола береді ғой, бірақ қазақ екенімізді еске салатын, жауынгерлік пен жігіттіктің иісі шығып тұрса екен дедім. Міне, бүгінгі тойдан алатындарыңыз”, – деді медиа менеджер. 



  

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.